What we can do

Корпоративтік клиенттеріне

Әрбір компания бірегей және автокөліктерді таңдауда жеке тәсілді қажет етеді. Škoda сіздің нақты міндеттеріңізге толықтай бейімделген шешімдерді ұсынады — қолданыстағы автопаркті жаңарту немесе жаңасын құру болсын. Біз кез келген сала мен ауқымдағы бизнес өкілдерімен — жергілікті кәсіпорындардан бастап халықаралық корпорацияларға дейін — жұмыс істейміз. Біздің автокөліктеріміз 100-ден астам елде ұсынылған, ал ұсыныстарымыздың икемділігі сіздің бизнесіңіз үшін ең тиімді шешімді табуға мүмкіндік береді.

 

Неліктен Škoda?

 

Сенімділік

 

Ойластырылған инженерлік шешімдер, мінсіз құрастыру сапасы
және ең күрделі жағдайларда жүргізілген сынақтар автопаркіңіздің ұзақ қызмет етуі мен үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Дәл осы себепті Škoda автокөліктері бірнеше жыл пайдаланылғаннан кейін де жоғары қалдық құнын сақтайды.

 

 

 

 

 

 

Үнемділік

 

Тиімді қозғалтқыштар, жетілдірілген аэродинамика және Škoda-ның заманауи технологиялары жанармай шығынын және пайдалану шығындарын азайтады. Бұл компания шығындарын оңтайландыра отырып, жоғары өнімділік деңгейін сақтауға және бірнеше жыл өткеннен кейін де автокөліктің қалдық құнын жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

Қауіпсіздік

 

Škoda компаниясында біз жолдағы қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз. Біздің автокөліктеріміз апаттардың алдын алуға көмектесетін және төтенше жағдай кезінде жолаушыларды қорғауды қамтамасыз ететін озық технологиялармен жабдықталған.

 

 

 

 

 

 

Жайлылық

 

Эргономикалық интерьер, кең салон және мұқият ойластырылған бөлшектер қарқынды жұмыс режимінде де әр сапарды барынша жайлы етеді. Škoda жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін заманауи мультимедиялық жүйелерді, бейімделетін аспаны және интеллектуалды шешімдерді ұсынады.

 

 

 

 

 

Арнайы шарттар

Автокөліктерді сатып алу

  • Корпоративтік клиенттерге арналған арнайы ұсыныстар;
  • Серіктестерімізден тиімді лизингтік бағдарламалар;
  • Қазақстан Республикасы аумағында 10 ресми дилерлік орталық.

 

Сатудан кейінгі қызмет көрсету

  • *Кепілдік: 2 жыл — шектеусіз, 3-жыл — 100 000 км-ге дейін;
  • Бояу жабынына кепілдік: 3 жыл;
  • Сквозной коррозияға қарсы кепілдік: 12 жыл;
  • **Қызметтер мен шығын материалдарына 5%-дан бастап жеңілдік..

 

*Толық және өзекті ақпаратты менеджерден нақтылаңыз.
**Жеңілдік мөлшері сатып алынған автокөліктер санына байланысты.

 

Тест-драйв

  • Škoda автокөліктеріне бір күннен бастап ұзақ мерзімді тест-драйв;
  • Сізге ыңғайлы бағыт бойынша көшпелі тест-драйв;
  • Тестілеу үшін автокөлікті тікелей кеңсеңізге жеткізу.

 

Өтінімді қалдырыңыз, біз сізбен байланысамыз